Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жүзеге асырған әскери акцияға қатысты пікір білдірді.
«Қандай мақсатты көздесе де, мұндай әрекетке жол беруге болмайды. Бұл Қатар мемлекетінің егемендік құқығын бұзады және халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді», – деп жазылған Ақорданың ресми парақшасында..