Қазіргі заманда жасанды интеллект үлгілерінің электр энергиясын орасан көп тұтынуы алаңдаушылық тудырып отыр. АҚШ ғалымдары бұл түйткілге тың шешім ұсынды.
Зерттеушілер жасаған фотонды чип жасанды интеллектінің ең күрделі есептерін жылдам орындай отырып, энергия шығынын айтарлықтай азайтады. Мұнда Френель линзалары мен толқын ұзындықтарын мультиплекстеу әдісі қолданылған. Мамандардың айтуынша, мұндай технология болашақта ЖИ-дің тиімділігін арттырып қана қоймай, оны экологиялық тұрғыдан да қауіпсіз етеді.