• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Теннис Бүгін, 08:18

Саңлақтар Алматыда бас қосады

30 рет
көрсетілді

11–19 қазан аралығында Алматыда «АТР 250 Almaty Open» турнирі өтеді. Қазірдің өзінде бірқатар танымал теннисшілердің осы жарысқа қатысатыны белгілі болып отыр. Бақ сынаушылар қатарында ресейлік Даниил Медведев пен Карен Хачанов, грекиялық Стефанос Циципас, еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик, тағы басқа саңлақтар бар.

Турнирдің тұсауы 2020 жылы Астанада кесілді. Сол жарыстың финалында аустралиялық Джон Миллман мен франциялық Ад­риан Миннарино кездесіп, алғаш­қысы 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Келесі жылы Оңтүстік Ко­реяның өкілі Квон Сун-У мен Аустралиядан келген Джеймс Давкорт бас жүлдені өзара сарапқа салды. Бұл тартыста азиялықтың асығы алшысынан түсті. 2020 жы­лы Новак Джоковичке тең ке­лер ешкім табылмады. Атағы жер жар­ған Сербияның саңлағы ше­­шуші бәсекеде Стефанос Ци­ци­пасқа сан соқтырды. 2023 жылы Адриан Миннариноның асығы алшысынан түсті. Финалда ол Себастьян Корданы қапы қалдырды.

Сол жылдары өткен жұптық сайыстарда Сандер Жилле/Йоран Флиген (Германия), Сантьяго Гонсалес (Мексика)/Андрес Мол­тени (Аргентина), Никола Мек­тич/Мате Павич (Хорватия), Натаниэль Лэммонс/Джесон Уитроу (АҚШ) жеңімпаз атанды. 2021 жылы әйелдер арасында да жарыс ұйымдастырылып, бельгиялық Элисон ван Уйтванк теңдессіз деп танылды. Финалда ол біздің Юлия Путинцевадан басым түсті.

Былтырдан бері «АТР 250 Almaty Open» деген атауға ие болған турнир Алатау бау­райында өте бастады. Карен Ха­чанов финалда канадалық Габ­риэль Диаллоны ұтты. Есеп – 6:2, 5:7, 6:3. Ерлердің жұптық сыны Үндістанның үздіктері Ритвик Чоудари Боллипалли/Арджун Кадхенің жеңісімен аяқталды. 

Биыл да әлемнің бірқатар мем­лекетінен келген атақты теннис­шілер Алматыға келеді. Солардың қатарында былтырғы жарыстың жеңімпазы К.Хачанов та бар. 29  жастағы Мәскеудің тумасы бұл күндері ТОП-10-дықты түйіндеп тұр. Ол АҚШ пен Аустралияның ашық біріншілік­терінің жартылай финалында ой­нады. АТР турнирлерін жеті рет ұтып, 2021 жылы Токио Олим­пиасында күміс медальға ие болды.

К.Хачановпен түйдей құрдас Даниил Медведев қазіргі кезде әлемдік рейтингте 18-орында. Кезінде үздіктер көшін бастаған мәскеулік АТР-дің 20 турнирінде топ жарған. 2021 жылы US Open-ді ұтты. Үш рет Аустралияның ашық біріншілігінің финалына дейін жетті.

26 жастағы Стефанос Циципас АТР додаларында 12 рет бас жүл­дені олжалап, осыдан бірер жыл бұрын әлемнің үшінші ракеткасы атанды. Мельбурн мен Париждегі «Үлкен дуылға» санатындағы жарыстардың финалында ойнады. Қазірде грек теннисшісі АТР рейтингінде 28-орында тұр.