• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 08:20

Ашық есік күні

20 рет
көрсетілді

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Алматы облы­сында 26 мектеп салу жоспарланған. Өт­кен жылы соның 9-ы пайдалануға берілсе, биыл 8-і іске қосылды. Аталған жоба бойынша өңірдің Талғар, Еңбекшіқазақ, Жам­был аудандарында, сон­дай-ақ мегаполиспен іргелес Қарасай ауданы Алмалыбақ ауы­лында салынған еңселі мектеп жаңа оқу жылында оқушыларға есігін айқара ашты.

Осы күні заманауи мектепте білім алып жатқан балалар мен ата-аналардың қуаныштарында шек жоқ. Апта соңында Алмалыбақ ауылындағы 1500 орындық орта мектепте «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.

«Мұндағы мақсат – қо­ғам өкілдерін мектептің оқу-тәрбие үдерісімен, ма­те­­риалдық-техникалық ба­за­сымен, «Келешек мек­теп­тері» ұлттық жоба­сы аясын­да жасалған мүм­кін­діктермен таныстыру, білім сапасын арт­тыруға бағытталған ашық диалог орнату», дейді қа­зақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айнұр Әшірбаева.

Алмалыбақ ауылындағы жаңа мектептің ашылуына куә болған ата-аналар да қуа­нышымен бөлісті.

«Мен осы ауылдың тұр­ғынымын. Үш балам осы мек­тепке барады. Біз мек­тептің ашылуын ұзақ күт­тік. Аты айтып тұрғандай, шын мәнінде келешектің мекте­бі болды. Сыныпта барлық жағдай жасалған. Әр сынып таза ауызсумен қамтамасыз етілген. Бастауыш сынып­тың кабинеттері жас ерек­шеліктеріне сай жасалған. Орындықтары, партала­ры, тақталары заманауи үл­гі­де орнатылған. Бар­лық балаға жеке шкаф бе­ріл­­ген. Асханасы өте кең. Спорт залдың бастауыш пен жо­ғары сынып оқу­­шы­­ла­рына жеке-жеке жа­сал­­ғаны, тіпті, қуантты. Ел келе­шегі – жас өскінге осын­дай мүм­кіндіктерді сый­лаған Прези­дентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлына айтар алғы­сымыз шексіз», дей­ді ауыл тұрғыны Гүлшат Жан­ғо­жаева ағынан жарылып.

Жаңа мектептің ыңғай­лы сыныптары мен кең залдары жас ұрпақтың ғылымға, өнерге, спорт пен әдебиет­ке еркін қадам басуына жол ашатынын алға тартқан мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айжан Меңліхожаева сәулетті білім шаңырағын­да оқушылар дәстүрлі пән­дер­ді терең меңгерумен қатар, ақпараттық технология, ин­женерия, биотехнология, ро­бот­техника, басқа да же­текші салаларда жан-жақ­ты білім алып, болашақ ма­ман­дықтарына алғашқы қа­дам жасайтындығын айтты. Осындай игі бас­тамаларды қол­даған ел бас­шылығына, білім бас­қар­ма­сына алғысын білдіре келе, білім мен тәрбие ұшта­­сып, болашақ білімдар тұлға­лардың қалыптасуына негіз болатын мектеп ұжы­мына шығармашылық табыс, оқу­шыларға шабыт пен сәтті­­лік тіледі.

«Ашық есік» күніне қа­тыс­қан қоғамдық бірлестік өкіл­дері мен ата-аналар мектеп ішін аралап, мате­риал­дық базасымен танысты.

 

Алматы облысы