Жылыой ауданы әкімдігінің мәліметінше, малдың неден қырылғаны әзірге белгісіз, деп жазады Egemen.kz.
«Бақашы учаскесінде 21-22 қыркүйекте бірқатар ірі қара малдың қырылғаны анықталды. Ветеринариялық мамандар тексеру жүргізді. Өлекселерден жұқпалы ауру белгілері табылған жоқ. Алдын ала себебі улану деп болжанып отыр», деп хабарлады аудандық әкімдіктен.
Аудандық ветеринария стансасының басшысы Нұрболат Өрбісіновтің айтуынша, зертханалық тексеру үшін малдың өлекселерінен патологиялық үлгілер мен Жем өзенінен су сынамалары алынған. Нақты қорытынды арнайы зерттеулерден кейін белгілі болады.