• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 17:35

Колледж студенттері ТМД-да киберқауіпсіздік саласы бойынша үздік атанды

20 рет
көрсетілді

Астанадағыы Жоғары политехникалық колледж студенттері GO CTF TATARSTAN 2025 II Халықаралық турнирінде киберқауіпсіздік бойынша І -ші орын иеленді, деп жазады Egemen.kz.

Финалдық бәсекеде ТМД елдерінің ең үздік 20 командасы бақ сынады.

GO CTF -  ең сұранысқа ие мамандықтардың бірі – киберқауіпсіздік саласында цифрлық құзыреттерді, командалық жұмысты дамытуға және жас кадрларды даярлауға бағытталған халықаралық чемпионат.

Astana Polytechnic студенттерінің Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы бұл жеңісі қазақстандық жас мамандардың киберқауіпсіздік сияқты алдыңғы қатарлы бағыттарда халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін көрсетті.

«Біздің студенттер жұмысшы мамандықтар қазір тек дәстүрлі салалар ғана емес, сонымен қатар білімді, креативтілікті және командалық еңбекті талап ететін жоғары технологиялық бағыттар екенін дәлелдеді. GO CTF турниріндегі жеңіс – елдің цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа буын мамандарын қалыптастыруға қосқан үлес», деді Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.