• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Кеше

Депутат заңсыз лотерея өткізетін блогерлерге жазаны күшейтуді ұсынды

30 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев әлеуметтік желілерде онлайн-курстардың атын жамылып, заңсыз лотерея ұйымдастыратын блогерлерге жаза қатаңдатылуы тиіс екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Оның сөзінше, қазіргі айыппұлдар әсер етпей отыр. Кейбір инфлюенсерлер уақытша компания құрып, пайдасыз бейне-курстарды сатады да, лотереяны соған «қосымша сыйлық» ретінде көрсетеді. Жүлде ретінде пәтер, көлік, коттедж ұсыну арқылы халықты қызықтырады.

Мәселен, 3 млн жазылушысы бар Дархан Жолшыбеков үй ұтысын өткізіп, 1,5 млрд теңге жинаған. «Supermamasita» атымен танымал Әлия Байтуғаева 500 млн теңге тапқан. «Justking31» және «AminaXO» аккаунттары да 1,5 млрд теңге көлемінде қаражат иеленген. Ал Жанәбіловтер отбасына көлік ұтысына байланысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Депутат заңсыз әрекеттерді әшкерелеу үшін бірнеше ұсыныс жасады. Оның ішінде қылмыстық іс қозғау үшін табыс шегін төмендету, заңсыз ұтыстардан түскен соманы ашық жариялау және Мемлекеттік кірістер комитетін блогерлердің табысы жөніндегі ақпаратты Мәдениет және спорт министрлігімен бөлісуге міндеттеу бар.

Сонымен қатар онлайн-мектептер үшін ашықтық тетігін енгізу ұсынылды. Бұл олардың беделін, оқытушылардың біліктілігін және заңдық тазалығын тексеруге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар