• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Руханият Бүгін, 13:29

«Даналық көпірі» мәдени-ағартушылық акциясы

20 рет
көрсетілді

Халық арасындағы ынтамақтастықты нығайту мақсатында Көкшетауда «Даналық көпірі» мәдени-ағартушылық акциясы өтті, деп жазады Egemen.kz.

 Шара барысында этномәдени бірлестік өкілдері арнайы жасыл түсті сандыққа өз ұлтының тарихын көрсете білген бағалы заттарды салды. Қазақстан бойынша өтетін бұл акция Ақмола өңірінен бастау алып, Алматы облысына табысталды. Акцияға мемлекет және қоғам қайраткері Асылы Осман қатысты. Еліміздің ең үлкен байлығы ұлттар арасындағы татулық, бекем бірлік.  

– Қазақтың мейірімділігін, кісілігін, жасаған жақсылығын еш уақытта ұмытқым келмейді, – дейді мемлекет және қоғам қайраткері Асылы Осман, – қазақтың бойына туа біткен адами қасиеттерін терең түсінгендерің үшін алғыс бірдіргім келеді. Біз бір халықпыз. Мемлекет асшысы қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық бірегей идеясы деген өте дұрыс. Осы топырақтың иесі де, киесі де болған қазақты сыйлап, қадірлеуіміз керек.

Әр ұлттың тарихына толған арнайы сандық енді Алматы өңіріндегі этномәдени орталыққа аттанбақ. Шара соңында алматылық қонақтарға құрмет көрсетілді.

Көкшетау.