• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай Бүгін, 17:57

Саран қаласында көпқабатты үйде алапат өрт болды

20 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының Саран қаласында көпқабатты үйден шыққан алапат өрттен 4 адам ажал құша жаздады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, өрт Жамбыл көшесіндегі үш қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден шықты.

Жалын тұрмыстық заттар мен жиһазды, сондай-ақ балкондағы пластик терезе блогын шарпыды. Өрттің жалпы аумағы шамамен 7 шаршы метрді құрады.

«Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары баспалдақ маршы арқылы 4 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялап, үй ішінде қалған мысықты құтқарды. Өртті сөндіру барысында балконнан екі газ баллоны шығарылып, ықтимал жарылыстың алдын алды. Өрт толығымен сөндірілді.

Жедел жәрдем бригадасы үшінші қабаттағы пәтер иесін ауруханаға жеткізді. Жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.

Пәтер тұрғыны ТЖМ қызметкерлеріне кәсібилегі мен жедел әрекеті үшін алғыс білдірді», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.