Елордада батыр, шекарашы Раджан Батркановты еске алуға арналған дәстүрлі волейбол турнирі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
26-27 қыркүйек күндері №16 мектептің спорт залында өткен жарысқа Шекара қызметінің бөлімшелері мен ардагерлері қатысты. Турнир Отан шекарасын қорғау жолында ерлікпен қаза тапқан Раджан Батркановтың рухына арналды.
Қаһарман шекарашының ерлігі мемлекет тарапынан жоғары бағаланды. Ол ҚР Президентінің Жарлығымен «Айбын» II дәрежелі орденімен, сондай-ақ Тәжікстан Президентінің Жарлығымен «Спитамен» I дәрежелі орденімен марапатталған.
Жарыс нәтижелері:Астана шекаралық бақылау басқармасы;
Қорғау және қамтамасыз ету басқармасы;
Арнайы мақсаттағы басқарма.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай турнирлер жас буынды патриоттық рухта тәрбиелеуге ықпал етеді.
— Раджан Батркановтың ерлігі ұмытылмайды, ол шекарашыларға да, ел жастарына да адалдық пен ерлікке шабыт береді, – деді жарысқа қатысушылар.