• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Шахмат Бүгін, 08:13

Балабаева – әлем чемпионы

20 рет
көрсетілді

Перудің астанасы Лимада 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасында рапид пен блицтен әлем чемпионаты аяқталды. Жарыста Ксения Балабаева алтыннан алқа тақты.

Рапидтен швей­цариялық жүйе бо­йынша өткен додада 20 мемлекеттен келген 133 қатысу­шы өнер көрсетті. Солардың арасынан Ксения озып шықты. Бәсеке басталған бетте жарыс кестесін­де жеке-дара көш бастаған жерлесі­міз соңғы күні өзбек­стандық Умида Омонованы ұтты. Одан кейін көршілес елдің тағы бір өкілі Афруза Хамдамовамен, ресейлік Анна Журовамен тең ойнады. Осы бәсекелерде жиған ұпайлар 19 жастағы Ксения Балабаеваның әлем чемпионы атануына жеткілікті болды. Жарыста бақ сынаған қос дарынды шахматшы Лия Кұрманғалиева мен Әмина Қайырбекова үздіктер қатарына қосыла алмады.

Естеріңізге сала кетейік, К.Балабаева мен Ә.Қайырбе­кова былтыр Будапештте өткен Дүниежүзілік шахмат­шылар Олимпиадасында өре­лі өнерлерімен көзге түсіп, күміс медаль иеленген еді. Сол жұл­дызды команданың сапын­да Ксения мен Әминадан бө­лек, Бибісара Асаубаева мен Меруерт Камалединова да өнер көрсетті.

Соңғы жаңалықтар