• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Табиғат Бүгін, 10:33

Қызыл кітапқа енген құландар табиғатқа жіберілді

30 рет
көрсетілді

Қостанай облысындағы «Алтын Дала» резерватының аумағына құландар тобы жіберілді. Тұяқтылар көлемі 56 гектар қашада 1 жыл ұсталып жерсінді, сондай-ақ қатаң климатқа бейімделген. Құланның бірнешеуіне күн батареясымен қуаттанатын GPS қарғыбау мен белгі тағылды, деп жазады Egemen.kz.

Мониторинг дерегіне сәйкес, құландардың біршамасы резерват аумағының ішінде солтүстік-батыс жаққа беттеген, содан соң оңтүстікке сол жолмен қайтқан. Қалғаны оңтүстік-шығысқа қарай орта есеппен күніне 26 км жол жүріп отыр», делінген Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының хабарламасында.Айта кетейік, құландар ел ауамағынан 100 жылдан аса уақыт бұрын құрып кеткен. 2017 жылдан бері «Алтын Дала» табиғатты қорғау бастамасы қайа қалпына келтірумен айналысып жатыр.