• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 17:19

Тарихта тұңғыш рет Англия шіркеуін әйел басқарады

20 рет
көрсетілді

Англия шіркеуінің 1400 жылдық тарихында алғаш рет тарихи шешім қабылданды. Сара Муллалли Кентербери архиепископы қызметіне тағайындалған алғашқы әйел болды. Бұл туралы Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармердің кеңсесі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Бұған дейін Маллалли Лондон епископы қызметін атқарып, шіркеу басшылығындағы беделді тұлғалардың бірі атанған.

Оған дейінгі архиепископ Джастин Уэлбидің отставкаға кетуі мен шіркеудегі зорлық-зомбылық істеріне қатысты жанжалдардан кейін, оның тағайындалуы қайтадан көпшіліктің сеніміне кіру әрекеті ретінде қарастырылып отыр.

Архиепископ ретінде Муллалли бүкіл әлемдегі шамамен 85 миллион діндардан тұратын Англикан қауымдастығының рухани жетекшісі болады.

Тағайындауды корольдік әулет бекітіп қойды. Салтанатты шара өткен соң, ол өз қызметіне ресми түрде кіріседі.

Англия шіркеуінде әйелдерге діни қызметкер болуға 1994 жылдан бастап рұқсат берілді. Ал епископ болу мәселесін шіркеу алғаш рет 2014 жылы қарады. Ұзақ талқылаулардан кейін Бас синод әйелдерге епископ болуға да мүмкіндік беруді мақұлдады.