13-нен 14-ші қазанға қараған түні футболдан 2026 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Скопьеде Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияға қарсы ойнайды, деп жазады Egemen.kz.
Аталған бәсекеде қарсылас команданың бапкерлері мына ойыншыларға сенім артты:
Қақпашылар – Столе Димитриевски («Валенсия», Испания), Деян Илиев (УТА, Румыния), Игор Алексовский («Фламуртари», Албания), Дамьян Шишковски («Борац», Босния мен Герцеговина).
Қорғаушылар – Эзджан Алиоски («Лугано», Швейцария), Андрей Стойчевски («Словацко», Чехия), Боян Илиевски («Струга»), Дарко Велковски («Зриньски», Босния мен Герцеговина), Дьёко Зайков («Аджман», БАӘ), Никола Серафимов («Левски», Болгария), Висар Муслиу («Синт-Трёйден», Бельгия), Стефан Ашковски («Раднички» Ниш, Сербия), Стефан Деспотовски (ОФК, Сербия).
Жартылай қорғаушы – Энис Барди («Коньяспор», Түркия), Тихомир Костадинов («Сигма», Чехия), Элиф Элмас («Наполи», Италия), Решат Рамадани («Шкендия»), Яни Атанасов («Лариса», Грекия), Исник Алими («Инбо», Қытай), Лука Станковски («Раднички 1923», Сербия).
Шабуылшы – Александар Трайковски (еш клубта жоқ), Дарко Чурлинов («Коджаэлиспор», Түркия), Боян Миовски («Рейнджерс», Шотландия), Милан Ристовски («Богемианс 1905», Чехия), Эльмин Растодер («Тун», Швейцария), Давид Бабунски («Вардар»).