• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 08:03

Балуандар Лимада бақ сынайды

10 рет
көрсетілді

Перу астанасы Лимада дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Үш күнге созылатын бәсеке барысында 14 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Жарыста еліміздің 18 балуаны өнер көрсетеді.

Ұлдар арасында аса жеңіл салмақта күресіп жүрген Талғат Орынбасардың есімі көпші­лікке жақсы таныс. Алдымен жас­өс­пірімдердің әлемдік сайысында қола медаль иеленіп, 2023, 2024 жылдары жастар жарысында да сол нәтижені қай­талаған ба­луан былтыр Душан­бедегі додада сербиялық Матью Жеремик пен қырғыз Адис Орозмама­­тов­ты жолынан ығыстырып, ши­рек ­финалда тәжік Лоик Куд­буддиновке есе жіберді. Одан кейін италия­лық Винченцо Ман­ферлотти мен әзербайжандық Ни­зами Имрановты ұтып, үшін­ші саты­ға табан тіреді. Бұл жолы жан­күйерлер Талғаттан алтын медаль күтеді. Тәжікстанның бас шаһарында өткен чемпионатта Талғаттан бөлек 81 кг салмақта сын­ға түскен Азат Күмісбай да қо­­ла медальға қол жеткізген болатын.

Сондай-ақ Телжан Сұлтанбай (60 кг), Ақылжан Жұбатқанов, Қайырхан Әбдірахман (66 кг), Омар Нұрбергенов (73 кг), Даниил Крылов, Арман Біләлханов (90 кг), Асқар Бержанов (100 кг), Жантілек Нұртілепұлы (+100 кг) белдеседі.

Қыздар сайысында Тасним Әбдуәлі, Сабина Юлдашбекова (48 кг), Нұрайлым Сәрсенбек, Аяулым Қайрат (52 кг), Дана Әбдірова (57 кг), Ділназ Досбер­ген (63 кг), Көркем Орымбек (70 кг), Анастасия Нагачевская мен Салтанат Ахметоваға (+78 кг) сенім артылып отыр.