• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 08:45

QR-төлемдер сервисі іске қосылды

20 рет
көрсетілді

Ұлттық банк банктердің мобильді қосымшалары арқылы тауарлар мен қызметтерге төлем жүргізу үшін банкаралық QR-төлемдер сервисін іске қосты. Аталған бастама «Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ базасында жүзеге асты.

«Сервис клиенттерге кез келген банктің пайдасына банкаралық QR-төлемдерді қабылдауға және жүзеге асыруға мүмкіндік бере отырып, банктердің төлем қызметтерін кеңейтеді. Бүгіннен бастап банкаралық QR-төлемдер сервисі «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Home Credit Bank» АҚ және «Freedom Bank» АҚ клиент­­теріне қол­жетімді. Операция жасау үшін сатып алушы клиент банктің мобильді қосымшасына кіріп, сатушының (сервиске қатысушы банктердің бірінде қызмет көрсетілетін) терминалында QR-кодты сканерлеп, төлемді растауы қажет», деп түсін­діреді бас банк баспасөз қызметі.

Ұлттық банк сарапшыларының айтуынша, банкаралық QR-төлем­дерді іске қосу банктер ара­сындағы өзара іс-қимыл деңгейін арттырады, ыңғайлы етеді және тұ­тынушы үшін төлем қыз­меттерінің қолжетімділігін кеңей­теді.

Бұл жұмыс кезең-кезеңімен әрі қарай жалғасады. Ол үшін басқа банктер осы жұмысқа қа­тыс­­ты ішкі үдерістерді бейім­деуге тиіс.