Олжас Бектенов шекарадағы сыбайлас жемқорлықпен күрес барысында жүктерді тексеру деректерін талдау кезінде ЖИ енгізу қажеттігін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Премьер-министр кедендік әкімшілендірудің жан-жақты әрі ашық болуы республикалық бюджет кірістерінің көлеміне айтарлықтай әсер ететінін атап өтті. Сондықтан Қаржы және Сауда министрліктері экспорттық және импорттық операцияларға мониторинг жасауды күшейтуі қажет.
«Тәуекелдер бейінін жаңартып, жүк тасымалдарын “жасыл дәліз” қағидаты бойынша транзиттеу үшін жағдай жасау адами фактордың алдын алуы тиіс. Жүктерді тексеру деректерін талдау кезінде жасанды интеллектіні енгізу қажет.Бұл сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге әрі шекарадан өту процестерін жеделдетуге мүмкіндік береді», деп атап өтті Олжас Бектенов.Қаржы министрлігіне Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды үйлестіру жұмысын күшейту тапсырылды.