• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Туризм Бүгін, 14:35

Алматы облысында туристер саны рекордтық көрсеткішке жетті

10 рет
көрсетілді

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында өңірге 2,5 миллионнан астам қонақ келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 40 пайызға көп, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық туризм басқармасының басшысы Қуаныш Мирамбекұлының мәліметінше, демалушылардың басым бөлігі жазда Қапшағай су қоймасына баруды жөн көрген. Мұнда 1,8 миллионға жуық адам тыныққан. Сондай-ақ  Көлсай көлдері, Шарын шатқалы және Іле-Алатау ұлттық паркіне 700 мыңнан астам турист барған. Оның ішінде 530 мыңнан көбі Көлсай көлдеріне табан тірепті.

«Әр үшінші саяхатшы — шетелдік турист. Жалпы, биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша шетелдік қонақтар саны 12 пайызға, ішкі туризм көлемі 25 пайызға өсті»,  деді Қуаныш Мирамбекұлы.

Айта кетейік, өңірге Үндістаннан, Парсы шығанағы елдерінен және Ресейден келген қонақтар жиі кездеседі. Сарапшылардың айтуынша, мұндай өсім инфрақұрылымның жүйелі дамуының нәтижесі.

Биыл туристік бағыттарды абаттандыруға 171 миллион теңге бөлінген. Қаражат есебінен «Көлсай көлдері», «Іле-Алатау» ұлттық парктері мен Қонаев қаласында пирстер, экосатылар, кіреберіс нысандар, от жағуға арналған алаңдар орнатылып, жаңа серуен жолдары салынып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанға 7,5 миллион шетелдік турист келген.