• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 15:16

«Астананың» велошабандозы жарақат алып қалды

20 рет
көрсетілді

Өткен аптада Малайзиядағы «Лангкави» турында «Астананың» велошабандозы Маттео Малучеллидің өнеріне жанкүйерлер қатты тамсанды, деп жазады Egemen.kz.

Ол алғашқы төрт кезеңнің үшеуінде алдына жан салмай, жалпы есепте жеке-дара көш бастады. Сол кезде жанкүйерлердің дені «енді Малучеллиді ешкім тұғырдан тайдара алмайды» деп ойлады.

Бірақ «қырсық аяқасты» демекші, бесінші кезеңде ол ылғалды тас жолда құлап, бірнеше жерінен жарақат алды. Спортшы дереу ауруханға жеткізіліп, оған ем-дом көрсетілді. Сөйтіп, Малай еліндегі жарыс Маттео үшін осындай көңілсіз нотада аяқталды.