• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 10:03

Фурманов каналының 52 шақырымы тазартылды

10 рет
көрсетілді

Жамбыл облысындағы Фурманов айналма каналында 40 жылдан кейін механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы канал арқылы Шу өзені суы Түркістан өңіріндегі Созақ ауданына бағытталады. Бүгінде каналдың 52 шақырымы тазартылған, деп жазады Egemen.kz.

Аталған жұмысқа 8 шынжыр табанды экскаватор мен екі тиегіш тартылған, су жіберу маусымы басталғанға дейін 70 шақырымнан астам аумақты тазалау жоспарланған.

Былтырғы қыркүйектен осы жылғы сәуір айына дейін Шу өзені арқылы Созақ ауданына 1,5 миллиард текше метрден астам су жіберілген екен.

Фурманов айналма каналының жалпы ұзындығы – 120 шақырым, ал өткізу қуаты – секундына 45-50 текше метр.

Канал – малға су беруге, бау-бақша мен жайылымды суаруға пайдаланылады. Қазір каналдың түбі екі метрге дейін тазаланып, жағалаулары қалпына келтіріліп жатыр.

«Сала министрлігінің қолдауымен жүргізіліп жатқан жұмыс Сарысу, Созақ аудандары тұрғындарына зор көмек боларына сенеміз», дейді Мойынқұм ауданының тұрғыны Темірлан Ақбалаев. Айта кетелік, аталған канал Жамбыл өңірінің Мойынқұм ауданындағы Қылышбай, Құмөзек, Қарабөгет, Сарыөзек елді мекендері маңынан өтеді.