Осыған дейін біз қараша айында Италияның астанасы – Римде World Boxing (WB) конгрессі өтіп, сол жерде жаңа президентінің сайланатынын жазғанбыз, деп жазады Egemen.kz.
Ол кезде үміткерлер саны үшеу еді. Олар – Қазақстанның әйгілі кәсіпқой боксшысы, еліміздің Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин, Грекияның бокс қауымдастығының жетекшісі Харис Мариолис және Украинаның атақты спортшысы Владимир Кличко.
Барлығы да сол ұйымның басшылық қызметінен дәмелі болған. Бірақ күні кеше ғана Кличконың райынан қайтқаны белгілі болды. Ол БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Римдегі конгрессте сайлауға түспейтінін ресми түрде мәлімдеді. Бұл GGG-нің жеңіске жетуі үшін тамаша мүмкіндік!