• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 09:25

Басым бағыт – ауылдарды сумен қамту

10 рет
көрсетілді

Өңір тұрғындарын сумен қамтамасыз ету – Мемлекет басшысы Үкімет алдына қойған басым міндеттердің бірі.

Президент тапсырмасы бо­йынша Қызылорда облысында алты сумен жабдықтау нысанын салу жобаларын жүзеге асыруға Арнаулы мемлекеттік қордан 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл ақша қайтарылған активтер қаражаты есебінен алынды.

Жобалар жалпы Арал және Қазалы аудандарындағы 2 мыңға жуық тұрғыны бар ауыл­дарды қамтиды. Аталған шараларды жүзеге асыру Тастүбек, Ерімбетжаға, Шәкен, Шилі, Шитүбек және Сарбұлақ ауылдарын сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жұмысқа топтық сумен жабдықтау жүйе­леріне қосу да, ауылішілік желі­лерді салу да кіреді.

Нысандар құрылысын аяқтау мен оларды пайдалануға беру осы жылдың аяғына жоспарланған.