• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 13:22

Солтүстік Македония құрамасының бас бапкері Қазақстанмен өтетін ойын алдында мәлімдеме жасады

20 рет
көрсетілді

Солтүстік Македония құрамасының бас бапкері Благоя Милевски Бельгиямен өткен сенсациялық тең ойыннан (0:0) кейін және алдағы Қазақстанға қарсы матч қарсаңында пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz

— Қорғаныстағы ойынымызға көңілім толады, бірақ ұйымдастыру жағы ақсап тұр. Бұл кездесуден максимум нәтиже алдық, дегенмен бастапқы жоспарымыз — допты көбірек иемденіп, шабуылда белсенді ойнау болатын. Әрине, қарсылас та өз әсерін тигізді. Бельгия құрамасының жартылай қорғаушылары өте мықты. Біз бірінші орынды сақтап қалғанымызға қуаныштымыз. Енді бар назарымызды келесі ойынға — Қазақстанға қарсы матчқа аударуымыз керек, — деді Милевски.

Айта кетейік, Солтүстік Македония мен Қазақстан арасындағы матч 13 қазаннан 14 қазанға қараған түні Скопье қаласында өтеді.