Өңірлерде егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінде 15,1 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 94,1%-ы жиналып, нәтижесінде 24,6 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, дәнді дақылдардан бөлек, 2,1 млн тонна майлы дақыл, гектарына 228,7 центнер өнімділікпен 2,7 млн тонна картоп және гектарына 307,9 центнер өнімділікпен 3,6 млн тонна көкөніс жиналған.
Нақты атағанда, 323,5 ц/га өнімділікпен 431 мың тонна қырыққабат, 440,7 ц/га өнімділікпен 1026,8 мың тонна пияз, сондай-ақ 296,5 ц/га өнімділікпен 374,3 мың тонна сәбіз жиналды.
Науқан – агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтіп жатыр.