• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 15 Қазан, 2025

Давид Дегтярев үш дүркін әлем чемпионы атанды

90 рет
көрсетілді

Паралимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы Давид Дегтярев 14 қазанда 54 кг дейінгі салмақта үш тәсілдің қосындысы бойынша 567 кг зілтемірді көтеріп, әлем чемпионы атанды. Ол үшінші талпынысында 191 кг көтеріп, Азия рекордын орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған жаһандық додада сондай-ақ 50 кг салмақта Фариза Толжан (285 кг) және 73 кг дейінгі салмақ бойынша Раушан Қойшыбаева (330 кг) алтын медаль иеленді. Ал 88 кг салмақ дәрежесіндегі Рахметжан Хамаев үш тәсілдің қосындысы бойынша 592 кг нәтижемен күміс медаль жеңіп алды.

Пара пауэрлифтингтен Әлем чемпионаты Каирде (Мысыр) 11 қазанда басталған, 18 қазанда аяқталады. Жарысқа 70 елден 550 спортшы қатысып жатыр.