• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 11:10

Келер жылы 2 689 ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылады

20 рет
көрсетілді

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда Қазақстанның 6 179 елді мекенінің 119 қаласы мен 4 906 ауылы байланыспен қамтамасыз етілген, деп жазады Egemen.kz.

Ал 2027 жылдың соңына дейін тағы 2 689 ауылды жоғары жылдамдықты интернетке қосу жоспарланған. Сондай-ақ 504 шалғай елді мекенді спутниктік технологияларды пайдалана отырып желіге қосу көзделіп отыр. 

Оның 176-сы KazSat арқылы байланыспен қамтамасыз етілген, ал 2025 жылдың соңына дейін тағы 328 ауыл OneWeb арқылы қосылмақ.

«2025 жылғы маусымда Starlink-пен келісімге қол қойылды, ол осы жылдың 13 тамызынан бастап Қазақстанда ресми түрде қызмет көрсете бастады. Бүгінгі таңда Starlink спутниктік интернеті 1,7 мыңнан астам ауылдық мектептерде жұмыс істейді. 2025-2027 жылдары 3 мыңнан астам ауылдық елді мекен жоғары жылдамдықты интернетке қосылады», делінген хабарламада.