• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 14:59

Қазақстандық оқушыларға 7 күн демалыс беріледі

50 рет
көрсетілді

Ел мектептерінде бірінші тоқсан аяқталып келеді. Күзгі каникул 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда жеті күнге созылады, деп жазады Egemen.kz.

Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың демалысын тиімді өткізу үшін «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспарын ұсынып отыр. 

Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды: 

«Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде «Демалыста кітап оқимыз» іс-шарасы;

«Буллингтен қорған!» қауіпсіздік сабағы;

«Мектеп театрының» жұмысын ұйымдастыруға кеңес берілген. 

«Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет», делінген министрлік хабарламасында.