• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина Бүгін, 10:33

Дәрі-дәрмекті тіркеу мерзімі жеделдетілді

30 рет
көрсетілді

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын қалыптастыру жүйесі қайта қаралып, артық шығындар жойылды. Нәтижесінде балама препараттардың құны түпнұсқа дәрілерге қарағанда 30 пайызға дейін арзандады. Тек ең жоғары шығынды ТОП-20 дәрі түрі бойынша күтілетін үнем көлемі 12 млрд теңгегені құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жалпы алғанда ТМККК және МӘМС шеңберінде шекті бағалардың төмендеуі шамамен – 19%, ал көтерме және бөлшек сауда сегменттерінде – 30%», деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар дәрілік заттарды тіркеу мерзімі айтарлықтай қысқартылды. Енді бұл процесс 100 жұмыс күні ішінде аяқталады. Ал АҚШ, Еуропалық Одақ, Ұлыбритания және Жапония сынды реттеушілік сенімі жоғары елдер үшін тіркеу мерзімі «Бір терезе» қағидаты арқылы бар-жоғы 15 күнге дейін қысқартылады.

Айта кетейік, отандық фармацевтика өнеркәсібі серпінді дамып келеді. 2029 жылға қарай отандық өндіріс үлесін 50 пайызға жеткізу көзделген. Қазіргі таңда 210 өндіруші тіркеліп, оның 43-і дәрілік препарат шығарады. Өткен жылы сала өндірісі 21,8%-ға өсіп, инвестиция көлемі екі есеге артты, ал экспорт көрсеткіші 32,9%-ға көбейген.

«Отандық кәсіпорындармен 90 ұзақмерзімді келісімшарт және әлемдік фармацевтикалық компаниялар – Pfizer, Hoffmann-La Roche және AstraZeneca-мен үш келісімшарт жасалды. Жалпы құны 400 млрд теңгеге жуық тоғыз инвестициялық жоба қарастырылып жатыр», делінген хабарламада.

Фармацевтика нарығының жылдық өсімі 10–13% деңгейінде сақталып отыр.