• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 17:43

Ертіс бассейні аумағында заңсыз салынған 13 нысан жойылады

30 рет
көрсетілді

Сала министрлігіне қарасты Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Ертіс бассейндік су инспекциясы мемлекеттік бақылау шеңберінде су қорғау аймақтары мен жолағында өз бетінше салынған нысандар үшін алты субъектіні әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп жазады Egemen.kz.

Соттың бірінші инстанциясының шешімімен жою туралы шешім шығарылған нысандардың 8-і Абай, 4-еуі Шығыс Қазақстан, 1-еуі Павлодар облыстары аумақтарында тұр. Құқық бұзушыларға жалпы сомасы 9 338 501 теңге көлемінде айыппұл салынып отыр.   Ертіс бассейндік су инспекциясының басшысы Медет Жәдігерұлының айтуынша аталған инспекцияның мамандары заңбұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.   «Жаңа Су кодексінде енгізілген мемлекеттік бақылау саласындағы жаңа өкілеттіктер инспекторларға азаматтардың өтініштері мен су заңнамасын бұзу фактілеріне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді», деді М.Жәдігерұлы.