• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қылмыс 22 Қазан, 2025

Терроризммен ойнаған тергеуге түсер

60 рет
көрсетілді

Петропавл қаласының 14 жасар оқушысы 20 қазанда полицияға мектептердің бірінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсірген. Оқиға орнына барлық жедел қызметтер: полиция, қызметтік иттерді үйретуші кинологтар және жарылғыш заттарды залалсыздандыру жөніндегі мамандар жеткен. Мұқият тексеру барысында күдікті заттар табылмаған деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазір полиция терроризм актісі туралы жалған хабар жасағаны үшін баланың үстінен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімнің әрекеті әдепсіз әзілдің салдарынан болған.

Полиция мұндай әрекеттердің ауыр қылмыстық жауапкершілікке соқтыратынын жазады. Заң бойынша терроризм актісі туралы жалған хабар берген адамға 5 мың АЕК дейін айыппұл салу немесе бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру түріндегі жаза көзделген.

ПЕТРОПАВЛ

Соңғы жаңалықтар