• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Кеше

Қауіпсіздік детекторы

70 рет
көрсетілді

Қытай әлемде тұңғыш төрт арналы кванттық бірфотонды детектор жасап шығарды. Аньхой провинциясындағы Кванттық ақпараттық инженерия зерттеу орталығында құрылғыға «Фотон ұстаушы» деген атау берілді.

Детектордың ерекшелігі – ол жарық­тың ең ұсақ бөлшектері жеке фотондар­ды да дәл анықтай алады. Мұндай детек­торлар кванттық коммуникация жүйелерін­де қолданылады. Олар ақпаратты жеке фотондар деңгейінде яғни физикалық тұрғыда бұзуға болмайтын шифрлау кілттері түрінде жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл әдіс деректердің қауіпсіз­дігін толық қамтамасыз етеді.