• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 10:48

Қызылорда полицейлері жоғалған жасөспірімді тапты

40 рет
көрсетілді

2025 жылдың 22 қазаны күні  «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қызылорда облысы аумағындағы «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» тас жолының 1623-1547 шақырымында қызмет атқару кезінде полиция майоры Нариман Рахметов пен полиция аға лейтенанты Әділжан Нұрланұлы жоғалған жасөспірімді тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сағат 12:00 шамасында ОПД ЖПҚБ кезекші бөлімінен бағыттама түсіп, онда 2025 жылдың 21 қазан күні сағат 09:00-де Орал қаласынан 15 жастағы жасөспірімнің белгісіз бағытқа шығып кетіп, үйіне оралмағаны хабарланған еді.

Жедел іздестіру шарасы барысында Алматы қаласы бағытына қарай кетіп бара жатқан Toyota маркалы көлік тоқтатылып, тексеру кезінде көліктегі жасөспірімнің бағыттамадағы бала екендігі анықталды.

Ол Қармақшы аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, ата-анасына аман-есен табылғаны туралы хабар берілді.