Балық шабақтары Қарағанды балық тұқымбағында өсіріліп, Шылиауыз кенті маңындағы жылы ағыс аймағында, Бертыс шығанағы акваториясында табиғи ортаға жіберілді.
Балық жіберу жұмыстарының мақсаты – бағалы балық түрлерінің популяциясын қалпына келтіру және көл экожүйесінің табиғи тепе-теңдігін сақтау.
Соңғы төрт жыл ішінде Балқаш көліне 525 мыңнан астам балық шабағы жіберілді. Жоба ерікті негізде жүзеге асырылып келеді. Бастамаға «Kazakhmys Smelting» компаниясы 40 миллион теңгеден астам қаржы инвестициялаған.
Шабақтарды жіберу үшін ғылыми-өндірістік балық шаруашылығы орталығының мамандары анықтаған ең қолайлы аймақ таңдалды.
Бұл жерде жас балықтардың бейімделуі мен өсуіне қажетті табиғи жағдай бар.
Қарағанды облысыБалқаш қаласы