• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Республика күні 26 Қазан, 2025

Әлемдегі ең биік ғимарат Қазақстанның көк туымен көмкерілді

80 рет
көрсетілді

Әлемнің ең биік ғимараты – Бурдж-Халифа биігінен Қазақстанның көк туы желбіреді. Көк байрағымыз бейнеленген сәтте мемлекеттік Әнұранымыз да шырқалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл ерекше көрініс Біріккен Араб Әмірліктерінде Қазақстан Республикасының күніне арналған құрмет ретінде ұйымдастырылды. Дубайдағы Қазақстан Елшілігі аталмыш сәттің бейнежазбасын өздерінің Instagram парақшасында бөлісті.

- Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады, – деп жазылған елшілік жарияланымында.