• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жасанды интеллект Бүгін, 10:03

FAIO 2025 халықаралық ЖИ олимпиадасы басталды

30 рет
көрсетілді

Алматы қаласында  FAIO 2025 – жасанды интеллект бойынша екінші халықаралық олимпиада бүгін басталды, ертең 31 қазанда аяқталады. Бұл ЖИ саласындағы оқушылардың ең ірі командалық жарысы, деп жазады Egemen.kz.

Еске салайық, биылғы іріктеу кезеңіне Қазақстан, Ресей, Болгария, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан, Кипр, яғни 9 елден 400-ден астам команда, жалпы саны 1200-ге жуық қатысушы бақ сынап, оның ішінде 200-ден астамы финалдық кезеңге жолдама алды.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше енді Алматыда финалда 7 елден келген 51 команда тартысқа түседі.

Халықаралық бәсеке 2024 жылы алғаш рет өткізіліп, оған еліміздің әр өңірінен 300-ден астам команда қатысып, олимпиада финалистері Бейжің қаласында өткен Халықаралық AI олимпиадасында (IOAI) жоғары нәтижелерге қол жеткізген.