• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Тағайындау Бүгін, 11:58

Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды

40 рет
көрсетілді

Бұл қызметке Абзал Нүкенов лайық танылған, деп жазады Egemen.kz.

«Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Абзал Нүкенов тағайындалды», делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Ол енді мегаполистің саясат, мәдениет, спорт, білім, жастар саясаты және дін істері салаларына жетекшілік етеді.

1978 жылы 21 шілдеде Жетісу облысында дүниеге келген Абзал Нүкенов кейінгі рет Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген.