• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

«Қолжетімді баспана» жобасы жүзеге асады

60 рет
көрсетілді

«Қазақстан темір жолы» алдағы уақытта «Отбасы банкінің» (Бәйтерек холдингінің еншілес ұйымы) қолдауымен банк жүзеге асырып отырған «Корпоративтік» өнімге қосылуды жоспарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.

 

Бүгін қолжетімді баспана құрылысын дамыту мәселелеріне арналған кездесуде теміржолшыларға арналған «Қолжетімді баспана» қанатқақты жобасын жүзеге асыру бойынша «Нысандар құрылысын дамыту жөніндегі корпоративтік қор», «Қазақстан темір жолы» және «Отбасы банк» арасында үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Біз «Қазақстан темір жолы» компаниясымен меморандумға қол қойдық және компанияда 110 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейтінін білеміз. Біз олардың баспанаға қол жеткізсем деген арманын жүзеге асыруға үлес қоса алатынымызға қуаныштымыз. Корпоративтік өнімге үнемі жаңа кәсіпорындар қосылып отырады. Бұл Қазақстандағы бизнес пен компаниялардың өз қызметкерлерінің армандарына инвестиция жасауға, демек, елдің тұрақты дамуына дайын екенін көрсетеді», деді «Отбасы банк» Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

«Корпоративтік» өнім – «Отбасы банкінің» бастамасымен жүзеге асырылатын, еліміздегі кәсіпорындар, ұйымдар мен компаниялардың қызметкерлерін қолдауға бағытталған жоба. Осы өнім арқылы жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне тиімді шарттармен жеке тұрғын үй алуына көмек көрсете алады. Бағдарлама арқасында жүздеген азамат баспаналы болды – олардың қатарында өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері, энергетика саласы мамандары, тау-кен жұмысшылары, металлургтер, мұнай саласы өкілдері және дәрігерлер бар.

Бүгінгі күнге дейін «Отбасы банк» жұмыс берушілермен бірлесіп шамамен 500 адамға 5,7 млрд теңге сомасында несие берді. Сонымен қатар ERG компаниясы ұсынған жалдамалы пәтерлерде 650-ден астам адам тұрады. Олар жалдау үшін аз ғана төлем төлеп қана қоймай, алғашқы жарнаға жинақ жасап отырады. Депозиттерінде қажетті сома жиналған кезде, қолжетімді несие алып, тұрып жатқан пәтерді сатып ала алады.

«Қазақстан темір жолымен» меморандумға қол қою – мемлекет тарапынан халықтың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы, қаржы институттары және ұлттық компания арасындағы тиімді ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болып саналады.