Әлем • Бүгін, 09:22

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстанға келуі мүмкін

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Орталық Азия – АҚШ» саммитінде Дональд Трампқа Қазақстанға қонақ болу жоспарыңызда бар ма деген сауал қойылды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстанға келуі мүмкін

Фото: Ақорда

«Қазақстан мен АҚШ жалпы құны 17 миллиард долларды құрайтын келісімдер жасады. Ол авиация, минералды ресурстар және цифрлық технологиялар секілді бағыттарды қамтиды. Сіздің ойыңызша, бұл серіктестіктің қай саласы маңызды? Екінші сұрақ. Трамп мырза, Сізді Қазақстанға келген алғашқы АҚШ Президенті деп қашан айта аламыз? Біздің елге қонақ болу жоспарыңызда бар ма?», деді сауал қоюшы. 

АҚШ Президенті бұл әбден мүмкін екенін айтты. 

«Бұл әбден мүмкін (Қазақстанға сапармен келу – ред). Барлық сала өте маңызды деп санаймын. Бір жылдан кейін не болатынын білмейміз. Сіздің табиғи ресурсқа бай еліңіз, сондай-ақ парасатты Президентіңіз бар», деп жауап берді Дональд Трамп.