Білім • Кеше

300 мыңға жуық педагог жасанды интеллектіні қолдануды үйренді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру бағытындағы жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

300 мыңға жуық педагог жасанды интеллектіні қолдануды үйренді

Фото: gov.kz

Кейінгі екі айда өңірлердегі 300 мыңға жуық педагог жасанды интеллектіні тиімді пайдалану бойынша онлайн курстан өткен. Курс барысында мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын тиімді әрі этикалық тұрғыдан дұрыс қолдану дағдыларын үйренген. Атап айтқанда, оқу материалдарын, тестілерді, иллюстрациялар мен сабақ жоспарларын жылдам әрі сапалы әзірлеуді меңгерген.

«Бағдарлама халықаралық тәжірибеге негізделіп, қазақстандық білім беру жүйесінің ерекшеліктеріне бейімделе әзірленді. Жасанды интеллект мұғалімді алмастырмайды, керісінше оның көмекшісіне айналады. Цифрлық технологияларды меңгерген ұстаз оқу үдерісін жандандырып, уақытын үнемдеп, оқушылардың қызығушылығын арттыра алады», деді Орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Зейнеп Махсутова.

Айта кетейік, аталған курсқа қатысуға ниетті педагогтер reg.orleu.edu.kz сайты арқылы тіркеле алады.