Оқиға • Кеше

Масаң күйдегі әйел жолаушылар әуе рейсінен түсірілді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе әуежайында Алматыға бағыт алған екі әйел жолаушы ұшақтан түсірілді. Олар агрессивті мінез-құлық танытып, бейәдеп сөздер айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz

Масаң күйдегі әйел жолаушылар әуе рейсінен түсірілді

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, жасы 33 және 51-дегі әйелдер өздерін әдепсіз ұстап, дөрекі сөздер қолданған. Соның салдарынан олар рейстен түсірілді. Сонымен қатар ұсақ бұзақылық дерегі бойынша іс материалдары сотқа жолданды.

Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бері Көліктегі полиция департаменті ұшақ борттарында 508 құқық бұзушылықты анықтаған.

Олардың ішінде ең жиі кездесетіндері:

  • алкоголь ішімдігін ішу және мас күйінде қоғамдық орында жүру – 313 дерек;

  • ұшақта шылым шегу – 131 дерек;

  • ұсақ бұзақылық – 32 дерек және басқа да құқық бұзушылықтар.