• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Қараша, 2025

Мемлекеттік Туды өртеген 12 адам қамауға алынды

110 рет
көрсетілді

13 қарашада Алматы облысының Ұйғыр ауданында  белгісіз біреулер шет мемлекеттің туы мен  басшысының бейнесін өртеп жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Материалдарды сотта қарау қорытындысы бойынша 12 азамат ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар, тағы 6 қатысушыға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.», делінген облыстық полиция хабарламасында.

Ресми ақпаратқа сәйкес, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция мемлекеттік рәміздерге қол сұғу, сондай-ақ араздық тудырып, қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға бағытталған кез келген әрекет – заңның өрескел бұзылуы екенін және мұндай фактілер қатаң заң тәртібімен тоқтатылатынын қатаң түрде ескертеді.

Соңғы жаңалықтар