• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Желтоқсан, 2025

Алматыда автобус апатқа ұшырап, кішкентай бала зардап шекті

70 рет
көрсетілді

Алматының Әуезов ауданында жаппай жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz kris_p_almata парақшасына сілтеме жасап.

Апат 7 желтоқсан күні шамамен 23:10-да болған. Skoda маркалы автомобиль Chevrolet көлігімен соқтығысқан. Соққының әсерінен Chevrolet аялдамада тұрған қоғамдық көлікке, ал автобус инерциямен кейін Volvo көлігіне соғылған.

Оқиға салдарынан 2009 жылы туған Chevrolet көлігінің жолаушысы зардап шекті. Бала медициналық көмек көрсету үшін қаладағы балалар ауруханаларының біріне жеткізілді.

Жол апатының мән-жайы нақтыланып, тергеу жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар