• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы 11 Желтоқсан, 2025

Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?

20 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, түнде және таңертең кей жерде тұман байқалады. Батыста және солтүстік бөлігінде күндіз 7° аяз, түнде 15° аяз болады. Жел шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттан секундына 9-14 метр, кей жерде 15-20 метрге дейін жылдамдықпен соғады. Атырау мен Ақтауда түнде -2…7°, күндіз -3…2° шамасында болады.

Солтүстік және орталық өңірлерде аяз сақталады, кей жерлерде тұман және көктайғақ күтіледі. Астана мен Көкшетауда түнде -13…-24°, күндіз -7…-12°. Солтүстік облыстарда кей жерлерде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, ауа температурасы түнде 20-30° аяз, күндіз 10-17° аяз шамасында болады.

Шығыс өңірлерде түнде қар, боран, кей жерлерде тұман күтіледі. Жел секундына 9-14 метр, кей таулы және шығыс аудандарда 23-28 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 24-33° аяз, күндіз 15-23° аяз болады.

Оңтүстікте кей жерлерде қар жауып, таулы аймақтарда боран, тұман және көктайғақ күтіледі. Жел секундына 8-20 метнгеАуа температурасы түнде -10…-3°, күндіз 2-10° шамасында болады. Алматы мен Қонаевта көктайғақ, Шымкент пен Түркістанда түнде -3…-7°, күндіз 7-10° жылы болады.

Соңғы жаңалықтар