• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Желтоқсан, 2025

Абылайхан Жүсіпов алғаш рет әлем чемпионы атанды

60 рет
көрсетілді

Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Абылайхан Жүсіпов (71 келі) алтын медаль алды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстандық былғары қолғап шебері ресейлік Сергей Колденковпен қолғап түйістірді. Алғашқы екі раундта Абылайхан қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті. Шешуші раундта да оның басымдығы байқалды. Нәтижесінде ол қарсыласынан басым түсіп, әлем чемпионы атағын алғаш рет жеңіп алды.

Абылайхан Жүсіпов бұдан бұрын 2017, 2019, 2021 жылдары әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған еді.

Соңғы жаңалықтар