Шымкент қаласында танымал «MacCoffee» 3/1 өнімін антисанитариялық жағдайда қолдан жасап келген жасырын цех анықталды. Әділет органдары мен полиция департаменті бірлесіп жүргізген жедел тексеріс нәтижесінде заңсыз өндіріс тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Тексеру нәтижесінде құқық бұзушыдан «MacCoffee» 3/1 тауар белгісі бар 4000-нан астам орама бірлігі, сондай-ақ өндіріс жабдықтары (термотігіс, таразы, дайын 3/1 кофенің қаптамасы) тәркіленді. Құқық иеленушінің ресми мәлімдемесіне сәйкес, тәркіленген контрафактілік өнім сапа стандарттарына сәйкес келмейтіні және тұтынушылардың денсаулығы мен өміріне тікелей қауіп төндіруі мүмкін екені хабарланды», делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты іс қозғалып, тексеру материалдары түпкілікті шешім шығару үшін сотқа жолданған.