Ауыл • Кеше

«Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздарына 20 трактор табысталды

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін Абай облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жарияланған облыстық «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп жазады Egemen.kz.

«Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздарына 20 трактор табысталды

Жинда өңірдің 10 ауданы мен 10 ауылына салтанатты түрде JINMA 904A маркалы 20 жаңа трактордың кілті берілді.

Байқау үздіктері «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында интернетпен қамту, абаттандыру мен көгалдандыруда креативті әдіс қолдану, тұрмыстық қалдықтарды тазалау, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, инфрақұрылымды, туризмді, саябақтар мен жасыл желектерді дамыту, үлгілі ауыл, тәртіп пен заңды, мәдени мұраны сақтау, елді мекендер арасындағы жолдардың сапасы жақсарту, сенбілік өткізу, халықты экологиялық іс-шараларға белсенді тарту, маңызды нысандармен қамтамасыз ету, инвестиция тарту, экономикалық әлеуетті нығайту, қоғамдық орындардың тазалығы, меценаттармен белсенді жұмыс бағыттарында 20-ға жуық номинация анықталды.

Салтанатты жиынға қатвсқан аймақ басшысы тазалық мәдениетін қалыптастыру әр тұрғынның жауапкершілігі екенін айтты.

«Аймақ экономикасы, өнері мен мәдениеті, экологиясы мен тазалығы – баршамызға ортақ. Ал тазалық дегеніміз – жылына бір рет сенбілікке қатысу емес, бұл – біздің өңірде қалыптасуы тиіс үлкен мәдениет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жөнінде «Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқаға емес, өзімізге керек», деп айрықша атап өткен болатын. Туған жеріміздің түлегені, тұрған ортамыздың кіршіксіз болғаны, ең алдымен, өзімізге керек. Облысымыздың тазалығы – әкімдік пен коммуналдық қызметтің ғана емес, әрбір азаматтың, әрбір отбасының жауапкершілігі. Бүгінгі марапат – сіздердің бірліктеріңіз бен еңбекқорлықтарыңыздың жемісі. Сіздер өз ауылдарыңызды абаттандырып, көгалдандыру арқылы өзгелерге үлгі көрсеттіңіздер. Байқауға қатысып, белсенділік танытқан елді мекендерге 20 жаңа трактордың кілтін табыстап отырмыз. Техникалар ауылдарыңыздың гүлденіп, таза әрі жайлы болуына қызмет етеді деп сенемін. Бұл байқауды дәстүрге айналдырып, келесі жылы да жалғастырамыз. Тазалық акциясына қатысқан қарапайым азаматтарды назардан тыс қалдырмай, марапаттайтын боламыз», деді облыс әкімі.

Естеріңізде болса облыс әкімі жыл басында өңір тұрғындарына арнайы бейнеүндеу жасап, жалпыөңірлік сенбілікке белсенді қатысуға шақырып, жыл соңында арнайы байқау өткізіліп, жеңімпаздар анықталатынын айтқан еді.

Облыстық баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл өңірде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылды. Тазалық науқандарына 349 мыңнан астам тұрғын атсалысып, 52 мың тонна қалдық шығарылды. Көгалдандыру жұмыстарының нәтижесінде 70 мыңнан астам көшет егілді. Ғарыштық мониторинг арқылы анықталған 191 рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылды.

Соңғы жаңалықтар