Экономика • Бүгін, 19:20

Атырауда арнайы экономикалық аймақ инвесторлары кедергіге тап болған

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында арнайы экономикалық аймақ инвесторларының өндірістік нысандарына кіру мүмкіндігі шектелгені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда арнайы экономикалық аймақ инвесторлары кедергіге тап болған

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қадағалау қызметінің басым бағытының бірі – инвесторлардың құқығы мен заңды мүддесін қорғау.

«Прокуратура қызметкерлері осы жұмыс аясында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы аумағында жер учаскелерін бөлу кезінде проблемалық мәселе туындағанын анықтады.

Атап айтқанда, арнайы экономикалық айммақтың бұрынғы қатысушыларының бірі кірме жол мен автотұрақ салу үшін жер учаскесін алған. Алайда кейіннен ол өзге инвесторлардың өтуіне негізсіз кедергі келтіріп, бұл жобаларды іске асыру кезінде елеулі қиындық туғызды.

Осының салдарынан тізілімге енгізілген инвесторлар – «ИнтагоКазахстан», «TenizEcoService» және «РГК-Каспий» ЖШС-нің өндірістік объектілеріне қол жеткізу мүмкіндігі шектеліп келген. Қадағалау актісін қарау нәтижесінде даулы жер учаскесі мемлекеттің меншігіне қайтарылды», деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.

Осылайша, үш инвестордың құқығы қалпына келтірілді. Арнайы экономикалық аймақ аумағында олардың қызметіне кедергі келтірген тосқауыл жойылды.

Соңғы жаңалықтар