Бұл қылмыстық іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Күдіктіге Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен айып тағылған.
Соттың материалына қарағанда, күдікті К. Атырау қаласындағы тұрғылықты мекен жайында әйелі Т.-мен бірге спирттік ішімдік ішкені анықталған. Кейін қызғаныштың салдарынан айыпталушы жәбірленушінің денесіне соққы жасаған. Жәбірленуші алған жарақатынан қайтыс болған.
Прокурор айыпталушыға 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Алайда, қорғаушы тарап айыпталушының жұбайын өлтіруге ниеті болмағанын алға тартқан. Осылайша, айыпталушының іс-әрекетін жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ретінде саралауды сұрады.
Айыпталушы К.-ның кінәсі сот отырысында зерттелген дәлелдемелердің жиынтығымен, атап айтқанда, куәлардың айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен толық дәлелденді.
«Сот жаза тағайындау барысында қылмыстық жауаптылық пен жазаныжеңілдететін мән-жағдайларды ескерді. Бұл – жасаған әрекетіне шын жүректен өкінуі, кінәсін мойындауы, бұрын сотталмағаны. Қылмыстық құқық бұзушылықты алкогольдік масаң күйде жасауы ауырлататын мән-жай ретінде танылды. Сот үкімімен К. айып тағылған баппен кінәлі деп танылды. Оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», деп хабарлады аталған соттан.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.