• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Желтоқсан, 2025

Медициналық тексеруден өтпек болған ер адам 10 күнге қамалды

40 рет
көрсетілді

Атырауда ер адам есірткі затын медициналық емес мақсатта қолданғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kzі.

Сотта анықталғандай, 2025 жылғы 18 желтоқсанда дәрігерлік тексеруден өту кезінде ер адамның ағзасынан есірткі заты табылған. Оның бұл затты медициналық емес мақсатта қолданғаны анықталды.

– Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін толық мойындап, әрекетіне өкінетінін айтты. Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды, – деп хабарлады Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар