• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Қаңтар, 2026

Атырауда із-түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр

120 рет
көрсетілді

Атырау қаласындағы Көкарна шағын ауданының тұрғыны Талғат Назаров 9 қаңтарда үйінен шығып, хабар-ошарсыз кеткен, деп жазады Egemen.kz.

Атырау қалалық полиция басқармасының мәліметіне қарағанда, жоғалған ер адам биыл күзде 60 жасқа толуы керек.

Атырау облысындағы ерлі-зайыптының өлімі: күдіктіге іздеу жарияланды.

«Талғат Таубайұлы 2026 жылғы 9 қаңтарда күндізгі сағат 13:30 шамасында үйінен шығып, осы кезге дейін кері оралмаған. Оның бойы 170-175 см, арық денелі, шашы қысқа қиылған, қара түсті. Үстіне қара күртеше, қара шалбар, аяғына қара етік киген. Эпилепсия дертімен ауырады», деп хабарлады полиция басқармасынан.

БҚО-да мемлекетаралық іздеуде жүрген күдікті қолға түсті.

Қазір жоғалған ер адамды жан-жақты іздестіру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Қазақстан Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі мен енесіне іздеу жариялады.

Соңғы жаңалықтар